Басшылық

басшы - 
бос  

Мекенжайы және байланыс телефоны: Павлодар қ., Академик Бектұров көшесі, 62/1, тел.: 8 (7182) 32-49-72

Азаматтарды қабылдау: сәрсенбі, 15.00-18.00
 

 

Татбай Қаражан, «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысының орынбасары.

1985 жылғы 16 қыркүйекте дүниеге келген.

2010 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылғы шілде мен 2009 жылғы шілде аралығында – Екібастұз қ. Байет ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, жетекші маманы, бас маманы;

2009 жылғы шілде мен 2010 жылғы наурыз аралығында – Павлодар ауданы әкімінің аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;

2010 жылғы наурыз бен 2010 жылғы қараша аралығында – Павлодар ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;

2011 жылғы қазан мен 2020 жылғы қаңтар аралығында «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ 2-ші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейлі архивис-аудармашысы, әкімшілік бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

2020 жылғы қаңтардан бастап «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысының орынбасары қызметін атқарады.

Мекенжайы мен байланыс телефоны: Павлодар қ., Академик Бектұров көшесі, 62/1, тел.: 8 (7182) 32-22-07.

 


 
 
Мақажанова Қаншайым Ғалымжанқызы, «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысының орынбасары.
1956 жылғы 8 қыркүйекте дүниеге келген. 
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарих және қоғамтану оқытушысы біліктілігі беріле отырып, тарих мамандығы бойынша бітірген. 
1978 жылғы қыркүйек пен 1980 жылғы қыркүйек аралығында – № 3 Баянауыл орта мектебінде тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі; 
1980 жылғы қыркүйек пен 1982 жылғы ақпан аралығында – Павлодар педагогикалық институтында КОКП және ғылыми коммунизм тарихы кафедрасының оқытушысы;
1982 жылғы ақпан мен 1982 жылғы тамыз аралығында – Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері;
1982 жылғы тамыз бен 1989 жылғы мамыр аралығында - №1 Краснокутск орта мектебінің тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі;
1989 жылғы мамыр мен 1994 жылғы қаңтар аралығында – Ермак аудандық атқару комитеті жанындағы жеке құрам жөніндегі шаруашылық есептегі архивтің директоры;
1994 жылғы қаңтар мен 1998 жылғы шілде аралығында – «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» ММ-нің жетекші археографы;
1998 жылғы шілде мен 2000 жылғы ақпан аралығында – «Павлодар облысының архивтер басқармасы» ММ-нің бас маманы;
2000 жылғы мамыр мен 2002 жылғы қыркүйек аралығында – «Павлодар облысының архивтер департаменті» ММ басшысының орынбасары;
2003 жылғы қаңтар мен 2003 жылғы қыркүйек аралығында – «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ жалпы бөлімінің басшысы;
2003 жылғы қазан мен 2006 жылғы желтоқсан аралығында – «Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві» ММ-нің директоры;
2007 жылғы наурыз бен 2008 жылғы шілде аралығында – «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» ММ директорының орынбасары;
2008 жылғы тамыз бен 2015 жылғы қыркүйек аралығында «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» ММ-нің директоры болып жұмыс істеген.
2015 жылғы қазаннан бастап «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.
 
Мекенжайы және байланыс телефоныПавлодар қ., Лермонтов көшесі, 51/1, тел.: 8 (7182) 32-10-52.

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...