Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі
Біздің телефон8 (71837) 50125

“Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

“Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік

 мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының                2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңының 18-бабы             8-тармақшасына, “Мемлекеттік орган туралы үлгі ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы” 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 және «Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 93 Қаулысына сәйкес, қала әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары              М.А. Мусинге жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                                                           Н. Дычко

 

__________

Ақсу қаласы әкімдігінің

қаулысымен бекітілді

 

 

“Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі”

мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі заңнамамен көзделген құзырет шегінде Ақсу қаласының аумағында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Өзінің мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп-шоттары бар.

5. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға шығады.

6. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер ол осыған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық құққытық тарапында болады.

7. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21а.

10. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі”  мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі.

11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі және орыс тілінде: государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу”.

12. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің тұлғасындағы мемлекет болып табылады.

13. Осы Ереже “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

14. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттің қаражатынан жүзеге асырылады.

15. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

16. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1) Ақсу қаласының аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саладағы мемлекеттік саясатты жүргізуді іске асыру.

2) жерлерді ұтымды панайдалану, топырақтың құнарлығын сақтау және қайта өндіру үшін әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-шаруашылық жағдайларын жасау.

3) өңірлік дегейде жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу.

17. Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы Жер кодексімен, Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының және Қазақстан Республикасының басқада нормативті құқықтық актілерімен және жергілікті атқарушы органның құқықтық актілерімен белгіленген өз құзыретінің шегінде Ақсу өңірінің аумағындағы жер қатынастарын реттеу;

2) Ақсу өңірінің жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған іс-шаралары үйлестіру, олардың сапасын жақсарту, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге ықпал жасау.

18. Функциялары:

1) иесіз жер телімдерін анықтау және оларды есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) жер телімдерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша Ақсу қаласы әкімінің ұсыныстарын және шешім жобаларын әзірлеу;

4) Ақсу қаласы әкімінің қойнауды және барлауды мемлекеттік геологиялық зерттеумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсатында жер телімдерін беру бойынша ұсыныстары мен шешім жобаларын дайындау;

5) жер телімдері мемлекеттік қажеттіліктер үшін өндіріп алу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

6) жер телімдерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін анықтау;

7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

8) жерге орналастыруды жүргізуді және жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;

9) Ақсу қаласы жерлерін аймақтандыру жобаларын және жерлерді ұтымды пайдалану бойынша жобаларды және сызбаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

10) Ақсу қаласының аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерді сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыру;

12) жерлерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық маңызы бар сызбалардың және жобалардың сараптауын жүргізу;

13) Ақсу қаласы жерлерінің балансын құрастыру;

14) жер телімдері меншік иелерінің және жер пайдаланушыларының, сондай-ақ жер қатынастарының басқада субъектілерінің есебін жүргізу;

15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің паспорттарын беру;

16) жер телімдерін сатып алу-сату шарттарын және жер телімдерін жалға беру және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасау, бекітілген келісім шарттардың орындалуын бақылауды іске асыру;

17) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін, жер телімдерін пайдалануға рұқсат берілуі бойынша қаланың жергілікті атқарушы органынына ұсыныстар дайындау;

18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрінен басқа түріне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау;

19) пайдаланбайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықпен пайдаланылатын жерлерді анықтау;

20) жерлерді резервтеу бойынша ұсыныстарды дайындау;

21) жер-кадастрлық жобаны бекіту;

22) Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңына сәйкес халыққа мемлекеттік қызмет көрсетеді;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жататын басқада қызметтерді жүзеге асырады.

19. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мыналарға:

1) қаланың мемлекеттік органдарынан, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

2) жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататың мәселелерді шешу үшін, егер бұл заңнамада белгіленген болса, қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұрауға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелер бойынша жер пайдалану құқығын тоқтату туралы, сонымен қатар олар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылса, құрылысты және объектіні пайдалануды тоқтату туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдарға енгізуге құқылы;

“Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің

1) осы Ережемен қарастырылған іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын және заннамасын сақтау;

2) азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыру және олар бойынша қажетті шараларды  қабылдау;

3) өкілеттіктерді “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің берілген құқықтарға және лауазымдық міндеттерге сәйкес іске асыру;

4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды, өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

 

 

 

 

 

3. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік

мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

20. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және онын функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

21. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі лауазымға тағайындайды  және лауазымнан босатады.

22. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

4) “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

5) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

7) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өкілеттік шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

“Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі”

 мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

23. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

“Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қөаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

 

5. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі”

 мемлекеттік мекемесінің мүліктері

26. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату).

27. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

 

6. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік

 мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

28. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің иелігінде тұрған ұйымдар жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз